Мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің төрағалығымен Мемлекеттік органдардың өкілдерімен және "Біртұтас тәрбие" тәрбие жұмысының бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелерімен кеңес өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Бағдарлама Мемлекет басшысының "Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс" Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында берген тапсырмасы бойынша дайындалды. Білім беру ұйымдарында бағдарламаны енгізу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталды.
Мемлекеттік кеңесші тәрбие жұмысын ұйымдастыру — бұл мектептен де, ата-анадан да кешенді тәсілді талап ететін күрделі және жауапты процесс екенін атап өтті. Бағдарлама өскелең ұрпақтың бойында патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық, ынтымақтастық, жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарын түбіріне сіңіруге және дамытуға бағытталған.
Соңында Еран Карин барлық білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы бағдарламасын одан әрі тиімді іске асыру және ілгерілету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Бұған дейін мемлекеттік кеңесші балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқашан мемлекеттің назарында екенін айтқан.