"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кітап көрмесі "Асыл сөздің іздесен, Абайды оқы, таңырқа

03.03.2020

 Абай Құнанбайұлыңың 175 жылдығына орай  «Асыл сөзді іздесен , Абайды  оқы , таңырқа!"» атты мектеп кітапханасында  өткізілген көрме  жайында ақпарат.
Көрменің мақсаты : 1. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап , өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.   2. Оқушылардың кітапқа, Абайдың шығармашылығына  деген қызығушылығын арттыру.                                                                                                Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, Абайдың қара сөздері, М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы( 4 том), Көмен Оразалиннің «Абайдан соң» романы.                                                                 

     Абай Құнанбайұлы  қазақ әдебиетінде қайталанбас Ұлы ойшыл, философ, ақын. Халықты білімге, ілімге, адамгершілікке шақырған. Ақынның қайратты қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін,даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады.
Әрине ,Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне болғанымен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Осы тұста Абай шығармашылығынан, өнерінен, өмірінен сыр шертетін көрменің манызы зор. Көрме барысында оқушыларға Абай өмірінен, шығармашылығынан көп мәлімет берілді. Бірнеше оқушы Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқыды. Балалалар Абай аталарының шығармалын сүйсіп тыңдап, бойларына рухани азық бола алатындай көп мәлімет алды. Осы арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артты деп ойлаймыз.

Просмотров: 744


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст