"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы білім бөлімі Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Молодежное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Асыл мұра"

25.11.2020

Орналасқан жері: Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты Молодежный ауылының маңында орналасқан. Қысқша ақпарат:  Жоңғар шапқыншылығы кезінде Монтай өзінің батырлық пен батылдығымен Отанын қорғап, ұлы Абылайханның адал досы болған.
Монтай батыр Атығай руынан, Абылайдың қасында жүріп, туын ұстаған және серіктесі болу өзіне үлкен абырой санаған. Ол өзінің батыр, мерген  екендігімен ел көзіне түскен. Жоңғар шапқыншылығы тұсында ол өз елін бастап, таулы өңір, шатқалды ормандарда жауға қарсы атой салып,  жауына өлтіре соққы береді.
Оның ерліктеріне елі сүйінеді. Күресте ерлікпен қаза табады. Оның қазасын естіген досы Олжабай батыр, қайғысын қайратқа айналдырып, жауға деген қаһарлы кекпен жау жасағына тұйықсыз тисып, қатты қырғынға ұшыратады да, таулы өңірдегі елінің еңсесін көтереді.
Монтай батырдың ерлігі жайында дастаны шығарылып, ел ішінде тарайды. Монтай жоңғар шапқыншыларына қарсы көптеген күрестерге қатынасқан. Мысалға бірін айтсақ, кезінде Боранбай Абылай мен Қабанбайлар шақырған кеңеске қатынасып, соғысты жобалауға өзіндік үлес қосып  жоспар бойынша  жасақтан бес топ іріктелген (екі жүз кісіден) жасақ ұйымдастырды.
Монтай батыр Абылай ханмен бірге барлық қиындықтарымен, қауіптерімен бөлісе отыра,  батырлық рухын көтерді. Талай шайқастарда Монтай батырдың ерлігіне риза болған Абылай хан оны жоғары бағалаған.
Молодежное ауылы маңында Монтай батыр  кезінде өз ордасын орнатқан және дүниеден өткеннен  кейін осы жерде мәңгі тыныштық тапты. Қазіргі ұрпақтары оның ерліктері мен батылдықтарын сыйлай отырып, оның есімін еске ала отырып, болашақ ұрпаққа үлгі көрсетеді.
Жергілікті тұрғындар оның қабіріне жиналып, оның құрметіне құран оқиды.

Просмотров: 213


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст