«Алланың әмірімен ақын болғам» атты кездесу кешінің
сценарийі
Өтетін орыны: Молодежный
орта мектебі
Өтетін уақыты:
03.05.2018 жыл
Кітап көрмесі: «Кітапхана – қасиетім,
киелім»
Балалық шаққа саяхат: «Кешегі санаулы сағатым...»
Би: «Нұр-ай» би тобының орындауында
Жүргізуші: Армысыздар
құрметті қонақтар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері!
«Ақынын ұлықтаған ел
бақытты» демекші жаймашуақ көктемнің керемет күнінде Арқаның кербез сұлу қаласы –
Көкше өңірінде қазақтың талантты ақыны, көптеген халықаралық, республикалық,
облыстық, қалалық әдеби конкурстардың жеңімпазы, Молодежный аулының бетке ұстар
азаматы ақын – Бауыржан Қарағызұлына арналған кездесу кешін ашық деп жариялауға
рұқсат етіңіздер.
Қош келдіңіз, Бауыржан
Қарағызұлы....
Бүгінгі өткізіліп жатқан іс-шарамыздың
негізгі мақсаты – оқушыларымызды жерлес ақынымыздың шығармашылығымен терең
таныстырып, кіші буын бауырларға
патриотттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Олай болса кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Батырбек: «Екеу» өлеңі
Өмірбаяны:
Бауыржан Қарағызұлы (1982 жыл, 17
қазанда дүниеге келген) -
Қазақстан Республикасы Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетің және ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткен Халықаралық
«Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің
иегері (2006-2008 ж.).
«Әлемге әйгілі - Астана» атты жыр
мүшәйрасының Гран-При жүлдесінің иегері (2010 ж.).
Қазақстан Республикасының
Елордасы – Астана қаласына сіңірген еңбегі мен үздік ақындығы үшін «Патриот»
медалін иеленген. (2011 ж.).
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы
қарсаңында өткен «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» атты І республикалық Мағжан
өнер фестивалінің лауреаты және жеңімпазы (2011 ж.).
Республикалық «Алаш үні»
газетінде тілші (2003-2004 ж.), Елордалық «Астана» журналында тілшілер қосынының
жетекшісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары (2005-2008 ж.), Қазақстан
Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында редакциялық бөлімнің
редакторы және «Кітап патшалығы» журналының бас редакторының орынбасары
(2008-2011 жж.). Көкшетау қаласындағы «Ақпараттық кітапхана жүйесі» Мемлекеттік
мекемесінде директор (2011-2013жж.) «Әдебиет порталы» интернет-жобасының
жетекшісі. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры
және «Мәдениет порталының» бас директоры.Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отырған
әке.
«Уақыт» өлеңі. Оқитын:
9 «А» сынып оқушысы Бакешова Асия
Жүргізуші:
Жасайық бала жасқа саяхатты,
Еске алып мектептегі қызық шақты,
Бастайық сұхбатты сұрақ қойып
Көңілде жүрген әрбір мың сұрақты.
№1 Бейнеролик:
Көрініс: «Кешегі санаулы сағатым...»
Сұрақ:
1.
Бұл көріністер сіздің есіңізге қандай жайттарды оралтты?
«Ақын» өлеңі.
Оқитын: 9 «А» сынып оқушысы Темірбек Аружан.
«Ақынмен сырласу» өлеңі. Оқитын: 8 «А» сынып оқушысы Рахметова Зейнел.
Ән:
Олай болса, мына үзіндіге назар аударсақ.
№2 Бейнеролик: Фариза Оңғарсынова
Сұрақ:
1.
Әдебиеттегі анаңыз Фариза Оңғарсыноваға арналған жыр шумағыңыз.
№2 Бейнеролик «Жұмбақтас»
«Жұмбақтас» өлеңі. Оқитын: 5 «А» сынып оқушысы Серікжан Мөлдір
Сұрақ:
1.
Бурабай сізді несімен өзіне тартады?
«Кітапханашының әңгімесі» өлеңі. Оқитын: 9 «А» сынып оқушысы Үсен
Болатбек
Жүргізуші:
Кітапхана – тағдырымның
тынысы,
Кітапхана –рухымның мекені.
Менің ғазиз Өмір деген
жұмысым,
Кітаптардың арасында өтеді –
деп ақын ағамыз жырлағандай келесі кезекті кітап көрмесіне береміз.
Топтама өлеңдері Қазақстан
Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша жарық
көрген «Жас толқын», «Қазақстан ақындар антологиясы» т.б. сияқты жыр жинақтарға
енген. Сондай-ақ, «Қызылжардан ескен леп», «Шынға шыққым келеді», «Айдыннан
ұшқан аққулар», «Жеңімпаз жас ақын-жазушылар антологиясы», «Көкшетау жас
ақындар антологиясы» атты ұжымдық жыр кітаптарға енген. «Жұмбақтасқа жауған
күз», «Өң мен түс». «Жүрек кітабы», «Топырық демі» (қырғыз тілінде) атты жыр-кітаптарының
авторы.
«Біртуар» өлеңі. Оқитын: 9 «А» сынып оқушысы Мырзабек Назым
«Шәмші аға» өлеңі. Оқитын: 8 «А» сынып оқушысы Андержанова Радмила
«Қазақ» өлеңі.
Оқитын: 9 «А» сынып оқушысы Хабдылазым Куланда
Ақынға қояр бірер сұрақ.
2.
Ата тәрбиесінен көргеніңіз?
3.
Шығармашылық тарапындағы ең үлкен жетістігіңіз?
4.
Сіз ер адамға қатысты үш қасиеттің бірін «Сөзінде тұру» депсіз. Өзіңіз
қаншалықты сөзіңізде тұрасыз?
5.
Сезім жайлы ой толғауға басты себеп болған
Жүргізуші:
Өлеңдерін тыңдай отырып, жасынан
өлеңді серік еткен ақын ағаның шығармашылығынан біршама ой түйдік.Ендеше келесі
кезекті көрермендерімізге берейік.Осында отырған көрермендердің ақынға деген
бірнеше сұраулары бар,соны тыңдайық.
1.
Балаларыңыздың ішінде сіздің жолыңызды қуған балаңыз бар ма?
2.
Сиясы кетпеген тың туындыңыздан бір үзінді.
3.
Өнерге жақындығыңыз қандай? (аспаптарда ойнайсыз ба)
4.
Бізге қандай кітапты оқуға кеңес берер едіңіз?
Жүргізуші:
Уақыт зырлап өтеді, өмір зулай
Кезегі шәкіртіміз , міне, осылай.
Көптеген белестерді артқа тастап,
Атанды шәкіртіміз, Бауыржан ақын,
- дей келе,
Құрметті, Бауыржан Қарағызұлы,
біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс!
Жүз жасаңыз аға! Бүгін сізбен болған мектептің өнер тарландарына батаңызды
беріп кетсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді.